Бұл мәселе қазір әлемнің өркениетті елдерінің бәрінде қызу талқыланып, тығырықтан шығар жолдың түрлі нұсқалары қарастырылуда. Бұл бағытта Қазақстан Республикасы Президентінің жұртшылық талқысына салған «Біртұтас Ұлт болу» жолындағы ой-толғаныстарында көпшіліктің көкейінде жүрген көп сауалға жауап бере алады. Сол себепті оған тек Қазақстан ғана емес, әлемнің өзге де елдеріндегі саясаткерлер, ғалымдар мен өзге де ғылым салаларындағы сарапшылар да қызығушылық танытуда. Мемлекет басшысының қоғамдық сананы жаңғырту мақсатында ұсынған – Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру; «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»; «Туған жер» бағдарламасы, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет», «Қазақстандағы 100 жаңа есім» сияқты алдағы уақытта қолға алынатын жобаларының бәрі көпшіліктің көкейінен шығары сөзсіз. «Ұлт пен тіл мәселесіне келгенде ең бастысы, ұлттық оқшауланудан, томаға-тұйықтықтан қашу керек» деген ұстанымын кеңейтіп, бағдарламалық мақаласында ұлттық сананы жаңғыртудың нақты жолын көрсетіп отырған Нұрсұлтан Назарбаев баршамызға ұлт мүддесі жолында бірігудің маңызын барынша түсіндіріп берді. «Рухы еркін халық қана ұлы істерді атқара алады... Ел көшін бастау – маған сын болсын, мені қоштау – елге сын болсын» деген Елбасына дәл қазіргі кезеңде біздің де қолдауымыз өте қажет деп ойлаймын.
Клара САДЫРБАЕВА, Өзбекстанның Науаи облысындағы қазақ мәдени орталығының төрайымы (Өзбекстан)